Дональд Трамп 2028 жылғы президенттік сайлауда Джей Ди Вэнстің өзінің мұрагері болуы туралы айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ-та вице-президент Джей Ди Вэнс 2028 жылғы президенттік сайлауда оның саяси мұрагері болады деген ақпаратқа пікір білдірді.
Трамп Вэнсті жоғары бағалайтынын айтқанымен, оның болашақта президенттікке кандидат болатыны туралы айтуға әлі ерте екенін жеткізді.
Дәйексөз
– Бұл туралы жақында ғана естідім. Меніңше, ол өте мықты кандидат. Алайда қазір бұл туралы ойлаудың өзі әлі ерте, – деді Трамп журналистерге Ақ үйде.
Бұған дейін
Трамптың бұл мәлімдемесі The Washington Post басылымының жазбасынан кейін жасалды. Бұған дейін газет АҚШ президенті жеке әңгімелерінде 2028 жылғы сайлауда Вэнсті Республикалық партия атынан кандидат ретінде таңдауға шешім қабылдағанын жазған.
Сондай-ақ Трамп донорларға Вэнсті өзінің саяси мұрагері ретінде көргісі келетінін айтқаны хабарланған.