Доллар жұмадағы өсімнің орнын бір күнде толтырды

Ulysmedia
Pixabay.com

Жұма күнгі доллардың өсуі ұзаққа созылмады. Жаңа аптаның алғашқы сауда-саттығында америкалық валюта күрт арзандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Теңге нығайып келеді

10 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 466,12 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткіштен 3,56 теңгеге төмен. Ол кезде доллар 469,68 теңге болған.

Еуро да арзандап, 538,07 теңгеге түсті. Ал рубль 1,28 пайыз әлсіреп, 5,6387 теңге болды.

Контекст

Алдыңғы аптаның соңында доллар үш күн қатарынан арзандағаннан кейін қысқа уақытқа өсіп, бағасы шамамен екі теңге қымбаттаған еді.

Бүгін америкалық валюта жұма күнгі өсімін толық қайтарып қана қоймай, 6 тамызда тіркелген 467,71 теңге деңгейінен де төмен түсті.