Кеше күрт құлдыраған доллар бүгін де арзандады, алайда бұл жолы өзгеріс айтарлықтай көп болмады. 11 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасының орташа бағамы 465,82 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Теңге долларды ығыстырып келеді
Бір күнде доллар тағы 30 тиынға арзандады. Алдыңғы күні оның бағамы бірден 3,56 теңгеге – 469,68 теңгеден 466,12 теңгеге дейін төмендеген еді.
Еуро да бүгін сәл арзандап, 537,32 теңге болды. Ал рубль, керісінше, 0,34% қымбаттап, 5,6576 теңгеге жетті.
Контекст
Кейінгі күндердегі динамикаға қарасақ, доллар бағасы айтарлықтай төмендеген. 3 тамызда америкалық валюта 475,23 теңге болған. Қазір оның бағамы 465,82 теңгеге дейін түсті.
Осылайша, бір аптадан сәл астам уақыт ішінде доллар 9,41 теңге арзандаған.
Бұған дейін сарапшылар ұлттық валютаға қатысты болжамын жариялаған еді. Қаржыгерлер қыркүйекте доллар бағамы 480,2 теңге болады деп күтеді.