Мажарстан астанасы Будапештте көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының шешуші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин 257,1201 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Ресейлік Захар Трофимов 267,0426 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды 264,4163 ұпай жинаған испаниялық Энеко Санчес Агилар иеленді.
йта кетейік, бұған дейін Друзин техникалық бағдарламада да үшінші орын алған болатын.
Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова еркін бағдарламада аралас дуэттер бәсекесінде екінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар, қазақстандық дуэт акробатикалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды.