Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Бейсенбі, 20 тамызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Орталық өңірлерде нөсер жаңбыр болжанады.
Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +30...+38 °С-қа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысының кей жерлерінде +41 °С-қа дейін жетеді.
Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Солтүстік облыстарда ауа температурасы +17...+28 °С, орталық және шығыс өңірлерде +17...+30 °С аралығында болады.
Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+38 °С шамасында сақталады.