Ақмола облысына салынған инвестиция 10 есе азайды

Аян Өрібай

2020 жылы өңірге 42 млрд теңгенің инвестициясы тартылса, биыл бұл сома бүгінге дейін 3,9 млрд теңгені ғана құрап отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет отырысында баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі биыл 296 млрд теңге болатын 28 жоба пайдалануға берілгенін айтады. Осының арқасында 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Жобалардың дайындығы 9 өңірде 80% дан жоғары. 6 өңірде қарқын орташа.

«2 өңірде (Қызылорда облысы мен Алматы қаласында) жобаларды пайдалануға беру кешігіп жатыр (тиісінше 75% және 72% деңгейінде). Нұр-Сұлтан (3,4 млрд теңге) және Алматы (8,2 млрд теңге) қалаларында индустриялық жобаларға салынатын инвестициялар көлемінің қала экономикасына қатысы шамалы. Сондай-ақ, Ақмола облысындағы жобаларға салынған инвестициялар 2020 жылғы 42 млрд теңге болса, биыл 3,9 млрд теңгеге дейін түскен. Яғни, 10 есе төмендеген. Бұл өңірлер жұмысты жандандыруы қажет», - деді Бейбіт Атамқұлов.