Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Ең көп дауысты «Әділет» партиясы жинады — 71,17%, яғни 6 528 948 дауыс. Партия 110 депутаттық мандатқа ие болды.
Қалған саяси партиялардың нәтижелері төмендегідей болды:
«Ауыл» — 6,26% (574 621 дауыс), 10 мандат;
Respublica — 5,56% (509 631 дауыс), 9 мандат;
«Ақ жол» — 5,21% (478 083 дауыс), 8 мандат;
ЖСДП — 5,11% (469 058 дауыс), 8 мандат;
Қазақстан халық партиясы — 3,11% (285 395 дауыс);
«Байтақ» — 1,07% (97 751 дауыс).
Құрылтайға өту үшін партиялар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 5 пайыз дауысын жинауға тиіс еді.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны – 12 623 289 адам. Сайлауға 9 351 539 адам, яғни сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,8 пайызы қатысты.
Бұл сайлауға биыл наурызда өткен Конституция бойынша референдуммен салыстырғанда 224 мың адамға көп азамат қатысқан.