2022 жылы Қазақстанға Ресейден 5,8 мың адам көшіп келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
LS мәліметінше, олардың көбі Алматыға – 1 193 адам (+2,5 есе), Қостанай облысына – 743 адам (+1,8 есе), СҚО-ға – 593 адам (+1,5 есе) және Павлодар облысына – 552 адам (+1,6 есе) қоныстанды.
Сонымен қатар, Астанада 445 адам (+1,6 есе), ал Қарағанды облысында – 414 адам (+2,4 есе) ресейлік тұрақтап қалған.
БҚО-ға қоныс аударған ресейліктер саны 2021 жылмен салыстырғанда 3,9 есе көп (341 адам), ал ШҚО-ға келушілер – 10%-ға азайған (304 адам).
Сондай-ақ, Ресейден Ақтөбе облысына 288 адам (+22%), Ақмола облысына – 215 адам (+47,2%), Маңғыстау облысына – 119 адам (-38,6%) келген.
Былтыр Абай облысына – 137, Атырау облысына – 117 (+1,9 есе), Алматы облысына – 113 (+4,6%) ресейлік қоныстанды. Ал Жамбыл облысына көшіп келген көрші ел азаматтарының қатары 2021 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға азайды.
Ұлытау және Жетісу облыстарына бір жыл ішінде тиісінше 37 және 29 Ресей азаматы көшіп келді.
Қазақстанға қоныс аударған ресейліктердің ең азы Қызылорда облысына орналасқан. Бір жыл ішінде қаланы тұрақты тұрғылықты жері ретінде небары тоғыз адам таңдады.