Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиясы мен ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жаңа иегерлері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Тізімді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жариялады. Республикалық комиссияның шешімімен 184 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.
Олардың ішінде:
Сонымен қатар 51 қазақстандық ғалымға әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді.
Қандай бағыттарға басымдық берілді?
Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстанға заманауи білім мен технология аса қажет салаларда білікті мамандар керек.
Басым бағыттардың қатарында атом өнеркәсібі, медицина, инженерия, жасанды интеллект, энергетика, биотехнология және жаңа материалдар бар.
Министр бағдарламаның мақсаты мамандарды жай ғана шетелге оқуға жіберу емес екенін атап өтті. Негізгі міндет – олардың Қазақстанға жаңа білім, технологиялар мен халықаралық тәжірибе жинап оралуын қамтамасыз ету.
Оның айтуынша, елге жаңа өндірістерді іске қосып, заманауи әзірлемелерді енгізіп, жоғары технологиялық салаларды дамыта алатын кадрлар қажет.
Стипендия иегерлерінің қатарында кімдер бар?
Жарияланған тізімде Асель Абдуллаева, Нұргүл Аблакимова, Сая Алипова, Ольга Ан, Гүлшат Анарбекова, Риза Ахитова, Айдана Абжалиева, Айгерім Әліқабарова, Андрей Богданчиков, Нарқез Боранбаева және басқа да қазақстандықтар бар.
Стипендия иегерлерінің толық тізімі осында.