Белгілі тележурналист, «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы ұзақ жылдар бойы меншікті тілшісі болған Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қайғылы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.
Тілеуқабыл Мыңжасар саналы ғұмырын отандық телевизия саласына арнаған. Ол ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді.
Министрлік марқұмның жоғары кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы көптеген әріптесіне үлгі болғанын атап өтті. Артында талай дарынды шәкірті қалған.
– Тілеуқабыл Мыңжасардың журналистика саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен отандық телевизияға қосқан үлесі әріптестері мен көпшіліктің жадында мәңгі сақталады, – делінген министрлік хабарламасында.