Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтініш қабылдау бүгін, 31 тамызда басталды. Бағдарлама жеке баспана алғысы келетін жұмыс істейтін әйелдерге арналған. «Ұмай» — мемлекеттік бағдарлама емес, оны қаржыландыруға Азия даму банкі қаражаты тартылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бағдарлама туралы
Бағдарлама бойынша өтініштер несие қаражатының түсуіне қарай қаралады, конкурстық іріктеу жүргізілмейді. Алғашқы транш көлемі – 9 млрд теңге.
Негізгі шарттары
Қандай үй сатып алуға болады?
«Ұмай» арқылы:
Бастапқы нарықтағы үйді Baspana Market арқылы таңдауға болады.
30 млн теңгелік пәтерді алсақ, есеп қалай шығады?
Бағдарламаның жұмыс істеу логикасын түсіндіру үшін Алматыдағы 30 млн теңгелік пәтерді қарастырып көрелік.
Банк тұрғын үй құнының 80%-ын, яғни 24 млн теңгені несиеге береді. Қалған 6 млн теңге — бастапқы жарна ретінде сатушыға қарыз алушының өз қаражатынан төленеді.
Бұл жерде маңызды жайт бар: банк несие көлемін пәтердің сату бағасы мен бағалау құнының қайсысы төмен болса, сол сомаға сүйеніп есептейді. Мысалы, пәтер 32 млн теңгеге сатылып, бағалаушы оның құнын 30 млн теңге деп белгілесе, банк 30 млн теңгенің 80%-ын, яғни 24 млн теңгені ғана қаржыландырады.
Ай сайынғы төлем қанша?
24 млн теңге несие алған жағдайда:
Депозитте жинақ болмаса:
Депозитте 2,4 млн теңге жинақ болса:
Яғни депозиттегі жинақ 2,4 млн теңге болған жағдайда ай сайынғы төлем шамамен 21 600 теңгеге азаяды.
Бағдарлама логикасы бойынша, Отбасы банкіндегі тұрғын үй жинағы көбейген сайын ай сайынғы төлем де төмендейді. Ал алғашқы 10 жыл өткеннен кейін қарыз алушы тұрғын үй заемына ауысады, сол кезде мөлшерлеме мен ай сайынғы төлем төмендейді. Нақты мөлшерлеме депозит көрсеткіштеріне байланысты жеке есептеледі.
«Ұмайды» кімдер пайдалана алады?
Бағдарлама Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін әйелдерге бағытталған. Қатысу үшін тұрақты ресми табыс болуы керек. Отбасы жағдайы немесе әйелдің атында басқа баспананың болуы бағдарламаға қатысуға кедергі емес.
Өтінімді Отбасы банкінің бөлімшесінде немесе қашықтан беруге болады. Онлайн өтініш беру үшін банктің бейнеқызметін және Baspana Market-тегі жеке кабинетті пайдалануға болады.