Қазақстанда өрт сөндіруші ерікті ұйымдар құрылып жатыр

Аян Өрібай

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрттің алдын алу жұмыстарын тиімді түрде іске асыру үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күші жеткіліксіз екенін, сол үшін еріктілерді тарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Төтенше жағдай министрлігі биыл тілсіз жаудың алдын алу ісінде ерікті өрт сөндіру құрылымдарының рөлін арттыру мәселесіне бастамашылық етті. Осылайша, әділет органдарына 47 ерікті өртке қарсы құрылым тіркелді. Бұл әкімдіктерге қоғамдық маңызы бар міндеттерді атқаруға осы құрылымдарды тартуға мүмкіндік береді», - деді Юрий Ильин.

Министрдің айтуынша, өртті сөндіру жұмыстарына тартылған ерікті құрылымдар әсіресе ауыл-аймақтарда тілсіз жауды уақытында ауыздықтуға мүмкіндік береді.