7–30 қыркүйек аралығында Қазақстанның үш өңірінде әскери техника мен жеке құрамның қозғалысы күшейеді. Бұл ҰҚШҰ-ның «Рубеж-2026» бірлескен оқу-жаттығуына дайындық және оны өткізуге байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери техника Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында жүріп өтеді.
Оқу-жаттығудың негізгі бөлігі 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында өтеді.
Әскерилер бөлімшелерді жедел жеткізу, әскерді басқару және қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін пысықтайды.
Қорғаныс министрлігі «Рубеж» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ елдерінің жоспарлы дайындығы аясында өтетінін және ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылатынын түсіндірді.
Контекст
Бұған дейін қыркүйекте ҰҚШҰ күштері дрондарға қарсы әрекет ету тәсілдерін пысықтайтыны хабарланған еді.
Әскерилер ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, маңызды нысандарды әуе шабуылдарынан қорғау және дрондарға қарсы күрес жүргізу жолдарын меңгереді.