Тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Синоптиктер мәліметінше, 6 қыркүйекте Астана, Алматы, Теміртау, Қарағанды, түнде Жезқазған, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.