Заңгерлердің соққыға жығылуы: Тұрлыхановтың ұлының үстінен іс қозғалды

Ulysmedia

Алматы полициясы соққыға жығылған заңгерлердің арызы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

“Алматы қалалық ПД аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды”, – делінген полиция хабарламасында.

ІІМ мәліметінше, күдікті әскери адам болғандықтан, іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық прокуратураға жіберілген.