Шымкентте пластикалық операциядан кейін әйелдің бір көзі көрмей қалды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Шымкентте әйелге блефаропластика жасалып, операциядан кейін оның бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған. Іс сотқа жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Операция лицензиясыз жасалған

Операцияны медициналық қызмет көрсету лицензиясы да, қажетті маман сертификаты да жоқ адам жасаған. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша заңсыз медициналық қызмет көрсеткені үшін кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар оған 3 жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Абай ауданының прокуратурасы лицензиясы мен қажетті біліктілігі жоқ адамдарға жүгіну денсаулыққа ауыр зардап әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Контекст

Еске салайық, бұған дейін Атырауда оқушы отадан кейін 19 күн жансақтауда жатып қайтыс болғанын хабарлағанбыз.