Жеңіс Қасымбек Тоқаевқа Астана қалай өзгеретінін айтты

Ulysmedia
Ақорда

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қасымбектің айтуынша, кейінгі жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық орын абаттандырылған.

Жыл аяғына дейін тағы 170-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті, соның ішінде саябақтар, гүлзарлар мен бульварларды ретке келтіру жоспарланып отыр.

Президентке Есіл өзені бойында қоғамдық және демалыс орындарын бір жүйеге біріктіру жұмыстары туралы да айтылды.

- Осы жұмыстар аясында қаланың түрлі бөлігіндегі парктер, серуен және спорт аумақтары тұтас жасыл белдеуге біріктіріледі., - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ, Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровтың есебін тыңдады.

Министрдің мәліметінше, «Таза Қазақстан» бастамасы қолға алынғалы бері ел бойынша 2 мыңнан астам экологиялық шара өткізіліп, 3,8 млн тоннадан астам қоқыс жиналған. Сонымен қатар 10 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны жойылған.