Астанада KeshYou тобының мерейтойлық концертінде төбелес шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Оқиға туралы куәгерлер хабарлаған. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Кадрлардан екі ер адам сөзге келіп, бір-біріне балағат сөздер айтқанын көруге болады. Алдын ала мәлімет бойынша, кейін олардың арасында төбелес шыққан.
Астана қаласының Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
- Қазір құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдардың жеке басын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау бойынша шаралар қабылданып жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Полиция өкілдерінің айтуынша, тексеру қорытындысы бойынша жанжалға қатысушылар заң аясында жауапқа тартылады.
Контекст
Еске салайық, 19 қыркүйекте Астанадағы «Барыс Аренада» KeshYou тобының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.
Сахнаға топтың әр жылдардағы құрамында болған әншілер шықты.