Еркінғали Бүркіталин ММА алғаш рет қосылған Азия ойындарында чемпион атанды

Сырым Қаржас
Туризм және спорт министрлігі

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алғашқы чемпиондар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, бахрейндік Мұхаммед Нәбиевпен кездесті. Отандасымыз қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, ММА биыл Жапонияда алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Бесінші алтын медаль

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына Азиаданың бесінші алтыны түсті.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы бар. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.