Қазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) жеңіс тұғырына көтерілді.
Қадырбек алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды.
Бұған дейін
Айта кетейік, бұған дейін MMA-ден Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді.