Риддер қалалық ауруханасы 2 326 науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеген. Бұл заңбұзушылықты прокуратура анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Прокурорлар аурухананың азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмек алу құқығын қалай сақтап отырғанын тексерген.
Тексеру барысында 2 мыңнан аса адамның өзіне тиесілі дәрі-дәрмекті уақытында алмағаны белгілі болды.
Прокуратура араласқаннан кейін заңбұзушылықтар ретке келтіріліп, барлық науқас қажет дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Аурухана басшылығы мұндай жағдай қайталанбауы үшін дәрі-дәрмекті жоспарлау және сатып алу жүйесін реттеуге уәде берді.
Мән-жайы
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрі-дәрмек бағасын реттеуді тоқтатқаны хабарланған еді.
2026 жылғы қыркүйектн бастап дәрі-дәрмектің шекті бағасын Денсаулық сақтау министрлігі өзі бекітеді.
Кейінгі алты жылда 5 мыңға жуық дәрі атауы бағалық бақылаудан шығарылған.
Баға реттеуі жеңілдетілгеннен кейін 795 дәрінің құны орта есеппен 29,9 пайызға өскен.
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы өзге тауарларға қарағанда шамамен төрт есе тез қымбаттап жатыр.