Қазақстандық ауыр атлет Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Ulysmedia
ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Айчи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ол 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 246 келі көтерді.

Жұлқа көтеруде Жұмағали 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Бұл нәтиже оған екінші орын алуға мүмкіндік берді.

Алтын жүлде Қытай спортшысына бұйырды

Жарыс жеңімпазы қытайлық Хэ Жэньсю болды. Ол қос жаттығуда 258 келі көтерді: жұлқа көтеруде - 118 келі, серпе көтеруде - 140 келі.

Қола жүлдені ирандық Рейхане Карими иеленді. Оның жалпы нәтижесі - 243 келі.

Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістегі марафонда жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдені әкелген еді.

21 жастағы спортшы мәреге 3:22.20 нәтижесімен жетті.