Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды. Финалда қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасын 43:42 есебімен жеңді. Жеңіс әкелген шешуші соққыны 19 жастағы Кирилл Проходов жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Ақтық кездесу өте тартысты өтті. Жеңімпаз басымдық бойынша анықталып, шешуші ұпайды Проходов еншіледі.
Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Руслан Курбанов өнер көрсетті.
Қазақстан Қатар, Сингапур және Гонконг құрамаларын жеңді
Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Қатар, Сингапур және Гонконг командаларынан да басым түсті.
Құраманы украиналық маман Александр Горбачук жаттықтырады.
Биыл қазақстандық семсерлесушілер Азия және әлем чемпионаттарында да алтын жүлде жеңіп алған.
Бұл Қазақстан үшін Азия ойындары тарихындағы семсерлесуден төртінші алтын жүлде және 2002 жылғы Пусан ойындарынан кейінгі алғашқы жеңіс болды.
Еске салайық, бұған дейін Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан күміс жүлде иеленді. Ал Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістегі марафонда жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына Азия ойындарының тоғызыншы алтынын салған еді.