Тоқаев әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Ulysmedia

Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы ұжымға жаңа қорғаныс министрін таныстырды.

Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.