Жамбыл облысында мұғалім сабақта баланы ұрып тастаған

Ulysmedia.kz коллажы

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Қордай ауданында түсірілген видео тарады. Кадрда домбыра үйрететін педагогтің балаға күш қолданғаны байқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Видео тарағаннан кейін мұғалім арнайы үндеу жасап, оқиғаның шамамен бір жыл бұрын болғанын айтты. Оның айтуынша, сол жағдайдан кейін ол баланың анасынан кешірім сұрап, өз әрекетінің дұрыс болмағанын мойындаған.

– Мұғалімге мүлде жараспайтын әрекет жасағанымды түсінемін. Сол сәтте эмоцияға беріліп кеттім, – деді педагог.

Ол заңда көзделген жауапкершілікті көтеруге дайын екенін де мәлімдеді.

Желі қолданушылары жаза талап етті

Пікір білдірген қазақстандықттың көбі мұндай жағдайда кешірім сұрау жеткіліксіз екенін жазды.

Кей қолданушылар көпшілік алдында өкініш білдірумен шектелуге болмайтынын айтып, болған жағдайға құқықтық баға беруді талап етті.

Жамбыл облысының полициясы бұл оқиғаға назар аударғаны хабарланды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.