«Ұстамам ұстады»: Алматы облысында көлік дүкенге соғылып, ішіне кіріп кеткен

Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысының Боралдай кентінде жеңіл көлік тізгіндеген қыз дүкенге соғылды. Көлік ғимараттың қабырғасын бұзып өтіп, сауда залына бір-ақ кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Апат орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан көліктің дүкен ішінде тұрғанын көруге болады. Соққыдан тауар сөрелері бүлініп, заттар шашылып қалған. Көліктің өзі де зақымданған.

Куәгерлер жүргізуші қыздан не болғанын және өзін қалай сезініп тұрғанын сұраған. Қыз көлік жүргізіп келе жатқанда ұстамасы ұстағанын айтқан.

Полиция не дейді?

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, жүргізушінің жауапқа тартылғанын хабарлады.

– Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері жүргізушіні жауапқа тартты. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеру барысында анықталды, – деп хабарлады ведомство.