Еліміздің барлық өңірінде ауа райы антициклонның әсерінен өзгереді

ЖИ/ Ulysmedia

Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

28 қазан, сәрсенбіден бастап Қазақстан аумағында ауқымды антициклонның ықпалы күшейеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Елдің көптеген өңірінде жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түнде ауа температурасы нөлден төмендегенімен, күндіз елдің басым бөлігінде ауа райы біршама жылы болады.

Солтүстік пен шығыста ауа температурасы +5…+10 градусқа дейін, батыста +15…+20 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +12…+17 градусқа дейін көтеріледі.