Қазақстанда күн жылиды

Алматы әкімдігі

27-29 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Елдің барлық дерлік өңірінде жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы біршама көтеріліп, күн жылынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауа температурасы қандай болады

Түнде елдің басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Күндіз солтүстік пен шығыста +5…+10 градус, оңтүстікте +12…+17 градус, ал батыста +15…+20 градусқа дейін жылы болады.

Контекст

Бұған дейін синоптиктер қараша айында Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болатынын хабарлаған.

Айдың басында Астанада күндіз ауа температурасы +7…+12 градусқа, Алматыда +18…+23 градусқа дейін көтеріледі. Кейін күн суытып, қарашаның соңына қарай елордада түнгі температура -10…-15 градусқа дейін төмендейді.