29 қазанда Қазақстан қор биржасында доллар 3,33 теңге арзандады. Сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 456,93 теңгеден 453,6 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Доллармен жасалған сауда көлемі 258,8 млн доллар болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 33,5 млн долларға аз. Сауда-саттыққа 32 қатысушы қатысты.
Еуро мен рубль
Еуро 2,40 теңгеге арзандап, 505,69 теңгеге түсті. Рубль бағамы 0,03 теңгеге төмендеп, 5,63 теңге болды. Юань 0,40 теңгеге арзандап, 68,16 теңгеге дейін түсті.
Айырбастау пункттеріндегі бағам
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды 452,5-453,2 теңгеден сатып алып, 453,5-454 теңгеден сатуда. Еуроны 502-504 теңгеден сатып алып, 505,5-507 теңгеден сатады. Рубльді сатып алу бағамы 5,33-5,4 теңге, сату бағамы 5,43-5,45 теңге аралығында.
Астанадағы айырбастау пункттерінде бағам айырмашылығы едәуір. Мұнда долларды 449 теңгеден сатып алып, 456 теңгеден сатады. Еуроның сатып алу бағамы – 500 теңге, сату бағамы – 510 теңге. Ал рубльді 5,35 теңгеден сатып алып, 5,55 теңгеден сатып жатыр.