Қазақстандық балуан ӘЧ алғашқы белдесуінде Косово спортшысын жеңді

ҰОК

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрқожа Қайпанов алғашқы белдесуін Косово өкілі Эгзон Хониге қарсы өткізді.

Қазақстандық балуан белдесудің алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік берместен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов өз елімізде өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы кезеңінен сүрінбей өтіп, 1/8 финалға жолдама алды. Енді ол келесі кезеңге шығу үшін күреседі.