2027 жылы қанша қазақстандық қажылыққа бара алады

Pixabay.com

Келесі жылы 4 300 қазақстандық Сауд Арабиясына қажылыққа бара алады. Қазақстанға алдағы қажылық маусымына осындай квота бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфик бен Фаузан әр-Рабиа тиісті келісімге қол қойған.

Құжатта қажылық сапарын ұйымдастыру тәртібі белгіленген. Тараптар қажылардың тұратын жері мен тасымалына, медициналық талаптар мен қауіпсіздік шараларының сақталуына қатысты келісімге келген.

– Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4 300 орын бөлінді, – деп хабарлады ҚМДБ.

Контекст

Қажылық – мұсылмандардың Сауд Арабиясындағы қасиетті Мекке қаласына жасайтын сапары. Ол – ислам дінінің бес парызының бірі. Дене күші мен қаржылық мүмкіндігі бар әрбір мұсылман өмірінде кемінде бір рет қажылыққа баруға тиіс. Қажылық жыл сайын ислам күнтізбесіндегі белгіленген күндері өтеді.

Сізге қызық болуы мүмкін