Полиция Жаңаөзендегі түнгі дүрбелеңнің себебін түсіндірді

Видео кадры

Жаңаөзенде түн ішінде мейрамхана алдына бірнеше полиция көлігінің келуі жұрттың назарын аударды. Әлеуметтік желіде полиция көліктерінің видеосы тарады. Кейін тәртіп сақшыларының мейрамханаға келуіне келушілер арасындағы жанжал себеп болғаны айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицияға қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жіберілген.

Алайда тәртіп сақшылары келгенде, келушілер сөзге келіспей қалғаны анықталды. Lada.kz мәліметінше, жанжал төбелеске ұласуы мүмкін болғанымен, полиция дер кезінде араласып, тоқтатқан.

Алты адам полиция бөліміне жеткізілді

Оқиғадан кейін полиция жанжалдасқан алты адамның кім екенін анықтап, барлығын қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Оларға қатысты ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Іс материалдары сотқа жолданды. Енді олардың қандай жауапкершілікке тартылатынын сот шешеді.

Сізге қызық болуы мүмкін