Атырауда Binom мектебіндегі эвакуация кезінде бірнеше оқушы жарақат алды

Атырау облысы әкімдігі

17 қарашада Атыраудағы Binom мектебінде оқу-жаттығу эвакуациясы кезінде оқушылар қысылып қалып, бірнеше бала жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқушылардың топтасып қалған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Мектеп әкімшілігі де балалардың жарақат алғанын растады. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, ата-аналарына жеке хабар берілген. Қазір мектеп мәліметінше, балалардың жағдайы тұрақты. Алайда нақты қанша оқушы жарақат алғаны айтылмады.

Киім алуға жүгірген

Ата-аналардың айтуынша, эвакуация кезінде оқушыларға сырт киімдерін алуға тапсырма берілген. Балалардың бір бөлігі киім ілетін жерге қарай бет алып, сол жерде топ жиналып қалған. Жарақат алған ұлдардың бірін мектептің медициналық пунктіне апарып, соғылған жеріне мұз басқан. 

Мектеп кешірім сұрады

Мектеп әкімшілігі оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр.

– Оқиға үшін кешірім сұраймыз. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін эвакуация жоспарын қайта қарап, оқу-жаттығу жұмыстарын қатаң бақылаумен ұйымдастырамыз, – деп мәлімдеді мектеп әкімшілігі.

Сізге қызық болуы мүмкін