«Қазатомөнеркәсіп» Қуаныш Омарбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді

kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы басқарманың бұрынғы мүшесі, өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековке қатысты тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Компанияның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, Қуаныш Омарбеков пен басқа да адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

– Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса отырып, тергеуге көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, тергеу кезеңінде компания түсініктеме бере алмайды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания қалыпты жұмыс режимінде қызметін жалғастырып жатқанын мәлімдеді. «Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылға арналған барлық өндірістік және қаржылық болжамдардың орындалатынын растады.

Компанияның даму стратегиясы өзгеріссіз қалады. Стратегиялық міндеттер бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асады.

«Қазатомөнеркәсіп» ашықтық, айқындық және кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

Бұған дейін 

2026 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және басқа да адамдарды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ulysmedia.kz «Қазатомөнеркәсіпте» Юсуповтың командасында кімдер қалғаны жөнінде жазды.

Сондай-ақ Қазақстан уран өндіруден қалайша әлемдік көшбасшыға айналғаны, бұл жетістікке Мұхтар Жәкішев пен Владимир Школьник қандай үлес қосқаны, ал бүгінде елдегі ең құнды активтердің бірін кім басқарып отырғанын шолып шыққан едік.

Сізге қызық болуы мүмкін