«Қазатомөнеркәсіп» акциялары топ-менеджері ұсталғаннан кейін құлдырап кетті

Ulysmedia коллажы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті компания басқарма мүшесінің ұсталғанын хабарлағаннан кейін «Қазатомөнеркәсіп» акциялары Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Лондон қор биржасында арзандады. KASE алаңында бағалы қағаздар кейінгі бір жылдағы ең төменгі деңгейге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астана уақытымен сағат 13:30-дағы жағдай бойынша KASE биржасында «Қазатомөнеркәсіп» жай акцияларының кейінгі мәмілесі 25 213,84 теңгемен жасалды. Бұл кешегі жабылу бағасынан 686,17 теңге немесе 2,65% төмен.

Күндіз акция бағасы 25 190,01 теңгеге дейін түсіп, соңғы 52 аптадағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Бір жыл бұрын компания акциялары әлдеқайда қымбат болған. Кейінгі 52 аптадағы ең жоғары баға 45 493 теңге болды. Содан бері акциялар шамамен 45% арзандаған.

Сонымен қатар инвесторлардың сауда белсенділігі артты. Сауда басталғалы бері жалпы сомасы 227,3 млн теңгеге 417 мәміле жасалған. Ал кеше күні бойы мәмілелер көлемі 166,4 млн теңге болған.

Лондондағы жағдай

Лондон қор биржасында «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттары (GDR) саудаланады. Бұл – шетелдік инвесторларға компания акцияларын шетелдік биржада сатып алуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар. Бір депозитарлық қолхат бір акцияға сәйкес келеді.

Сауда басталғаннан кейін GDR бағасы 1,99% арзандап, бір данасы 54,2 долларға түсті. Кеше сауда 55,3 доллар деңгейінде аяқталған еді.

Лондон биржасындағы депозитарлық қолхаттардың бір жылдағы ең төменгі бағасы – 47,8 доллар, ең жоғарысы – 93,8 доллар.

Бұған дейін 

2026 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және басқа да адамдарды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ulysmedia.kz «Қазатомөнеркәсіпте» Юсуповтың командасында кімдер қалғаны жөнінде жазды.

Сондай-ақ Қазақстан уран өндіруден қалайша әлемдік көшбасшыға айналғаны, бұл жетістікке Мұхтар Жәкішев пен Владимир Школьник қандай үлес қосқаны, ал бүгінде елдегі ең құнды активтердің бірін кім басқарып отырғанын шолып шыққан едік.

Контекст

Еске салайық, 11 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған еді.

Сізге қызық болуы мүмкін