Тоқаев пен Путин бүгін Кремльде кездесіп, бірге түскі ас ішеді

Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25-26 қараша күндері Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сапар аясында екі елдің басшысы кездесіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

– 25-26 қараша күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады, – делінген хабарламада.

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Тоқаев пен Путин бүгін кешке Кремльде жеке кездесу өткізіп, әңгімелеседі. Сондай-ақ екі елдің президенті бірге түскі ас ішеді.

–  Осылайша, екі мемлекет басшысының бірлескен кездесулері басталады. Ол бейсенбі күні жасанды интеллект форумында жалғасады, – деді Дмитрий Песковтың сөзін ТАСС агенттігі келтірді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Сізге қызық болуы мүмкін