Өнеркәсіптік қауіпсіздік: «АрселорМиттал Теміртауда» 2 мыңға жуық бұзушылық анықталды

Ulysmedia

Өткен жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлім етті.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған 2 мыңға жуық дерек анықталды. Олардың негізінде жауапты орган тарапынан ескерту жасалып, олқылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Онда талаптарды сәйкестендіру үшін арнайы мерзім белгіленеді. Ол орындалмаған жағдайда айыппұл салынады және заңды тұлғалар жауапқа тартылады», - деп ол баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, былтыр 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болып, 4 адам қаза тапқан.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Содан бері «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы жіті тексеріліп жатыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, былтыр өндірістің апат салдарынан ел кәсіпорындарында 15 жұмысшы көз жұмған.