БҚО-дағы тікұшақ апатының болжалды себебі аталды

Ulysmedia

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тікұшақ апатының ықтимал себебін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

«Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақ пайдалануда көп болмаған, яғни жаңа техника екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі кезде апатқа ауа райы әсер етуі мүмкін деген себеп қаралып жатыр. Сондықтан комиссия жұмысы нәтижесінде нақты себебі анықталады», - деді М. Пішембаев Сенат кулуарында.

Еске салсақ, 23 ақпанда «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонды.

Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. ТЖМ апат құрбандарының аты-жөнін жариялады.

Бұдан бұрын тікұшақтың аман қалған жолаушылардың бірі – "Қазавиақұтқару" инженері Сергей Щеглов апаттың егжей-тегжейін айтып берген болатын.