Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстан шекарасында ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
“2023 жылғы 28 ақпанда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің «Сортөбе» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұстады.
Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттауды қарастыруда.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 наурызда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Айша бибі» өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ҚР азаматын ұстады”, – деп жазды ведомстводан.
Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.