Түркиядағы жер сілкінісінен 46 мыңға жуық адам қаза тапты

Ulysmedia

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 46 мыңға жуық адамды құрады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу журналистерге берген сұхбатында елде барлығы 26 300 ғимарат қирап, барлық жерде дерлік іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілгенін айтты.

"Құрбан болғандар саны 45 968-ге жетті. Оның 4 267-сі Сирия азаматтары", - деді ол.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға көмектесу үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға қосымша гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшқан болатын.

14 ақпанда Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды.