Қытай Қазақстанға шығу туризмін қалпына келтіреді

Ulysmedia

15 наурыздан бастап Қытай Қазақстанға және кейбір басқа елдерге шығу туризмін қалпына келтіреді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі ұлттық туристік агенттіктер мен онлайн туристік компаниялар сыртқа топтық турларды қамтамасыз ету үшін пилоттық негізде қайта іске қосылатынын хабарлады.

Сондай-ақ осы күннен бастап әуе билеттері мен қонақүйлерді брондау қызметтері қолжетімді болады.

Туризмге «рұқсат етілген» елдер тізіміне Непал, Бруней, Вьетнам, Моңғолия, Иран, Иордания, Танзания, Намибия, Маврикий, Зимбабве, Уганда, Замбия, Сенегал, Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Сербия, Хорватия, Франция, Греция, Испания, Исландия, Албания, Италия, Дания, Португалия, Словения, Вануату, Тонга, Самоа, Бразилия, Чили, Уругвай, Панама, Доминика, Сальвадор, Доминика және Багам аралдары.

Еске салайық, Қытайда топтық туризм пандемияға байланысты 2020 жылдың басында тоқтатылған. 19 ақпанда Қытай Сыртқы істер министрлігі COVID-19 індетін толық жеңгенін хабарлады.

10 наурызда Си Цзиньпин үшінші мерзімге Қытай Халық Республикасының төрағасы болып қайта сайланды.