Қахраманмарашта тағы да 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Ulysmedia

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Бұл туралы сенбі, 18 наурызда Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 8:14-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Гёксун ауданында, 7 шақырым тереңдікте болды.