Маңғыстауда оқушы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Ер адамға зорлады деген айып тағылды

Ulysmedia

Маңғыстау облысында 14 жастағы қыз өз әкесінен жүкті болып қалды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Ашық дереккөз

Полицейлер қызды түсік жасату рәсіміне анасы әкелгенін айтты. Кәмелетке толмаған бала 13-14 апталық жүкті болған.

Облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері құқық қорғау органдарына жүгінді.

"Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туған әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД.

Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Еске салсақ, 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының полицейлеріне кәмелетке толмаған қызды зорлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

8 наурызда Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті - оған қыздар мен ұлдар плакаттар мен ұрандармен келді. Олар отбасындағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды және зорлағандарға жазаны күшейтуді талап етті.