Орыс қызы Тоқаевқа тазының күшігін тарту етті

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тазының күшігі тарту етілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Сізге сыйлық тарту еткіміз келеді. Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту жөніндегі жаңа заңды қабылдаудың арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Ол осыдан 1,5 ай бұрын дүниеге келді. Тұқымында жалғыз болғандықтан осынай ат берудің нышандық мәні болды», - деді Президентке күшікті сыйға тартқан асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова.

Бұған дейін Президент тазы иттердің көрмесін тамашалаған болатын.