Эквадордағы зілзаладан 13 адам көз жұмды

Ulysmedia

Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілгісі Анадолыға сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Жер сілкінісінің эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасты. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сазілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.

UzNews.uz агенттігінің мәліметінше, Өзбекстанда жер сілкінісі қатты сезілді – түрлі қалада 4-6 балл аралығында.