Қазақстанға қашқан Путин күзетінің экс-қызметкері 6,5 жылға сотталды

Ғалиасқар Думан

Сот Ресей Федерациясының Федералды күзет қызметінің ҚР-дан экстрадицияланған қызметкеріне үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

Бұл туралы Ресей Федерациясының әскери соттарының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Барнауыл гарнизондық әскери соты запастағы майор Михаил Жилинге қатысты айыптау үкімін жариялады. Әскери қызметші әскери қызметтің міндеттерін орындағысы келмей, арнайы әскери операцияны өткізу аймағына жіберуден қорқып, жылжымайтын мүлікті сатты және қолбасшылыққа өзінің еңбекке жарамсыздығы туралы жалған ақпарат беріп, өткізу пунктін айналып өтіп, Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті. Оны шекара қызметінің қызметкерлері ұстады", - делінген хабарламада.

Нақтыланғандай, сот Жилинді Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 338-бабының 3-бөлігі мен 322-бабының 1-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстар үшін кінәлі деп тапты және қатаң режимдегі колонияда алты жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.