Англияда өткен жекпе-жекте Қазақстан боксшы жеңіске жетті

Ulysmedia

Қазақ боксшысы Сұлтан Зәуірбек спорттық мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Спортшы Болтондағы бокс кешінде өнер көрсетті. Отандасымыздың қарсыласы аргентиналық Факундо Арсе болды. Жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен және қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Сұлтан Зәуірбек – 26 жаста. Ол 1996 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Боксшы жеңіл салмақтағы WBO Еуропа чемпионы, сонымен қатар жастар арасында WBC титулын иеленді.