Ертісбаев неге Парламентке келмеді - партияласы сұраққа жауап берді

Ulysmedia

Қазақстан халық партиясының орынбасары Ермұхамет Ертісбаев неліктен Парламентке депутат болып келмеді? Бұл сұраққа бүгін оның партияласы Ирина Смирнова жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia тілшісі.

Фото: Ашық дереккөз

“Ол партияны құру жұмысымен ары қарай қызмет ете береді. Бізде өңірлерде шаруа көп. Ал берілген орын аз. Сол себепті ол басқалар жұмыс істегені дұрыс деп шешті", - деді Ирина Смирнова.

Смирнованың өзі бұған дейін бұрынғы құрам тарамай тұрып "аздап шаршадым" деген еді. Алайда, бұл жолы "партия солай шешті" деп мәжілістің жаңа құрамына қайта келді.
Ол бүгін басқа депутаттармен бірге мандатын алды.