Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекетінің жұмысы тоқтатылды

Айнель Аянова

Су тасқынына байланысты қазақ-орыс шекарасындағы өткізу бекеті уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы «Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүк пен тауар өткізу уақытша тоқтатылды.

Бұл бекет Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан.

«Желқуар» пункті қашан қайтадан ашылатыны қосымша жарияланады.

«Көлік жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағытын өзгертуді ұсынамыз» деп ескертті комитеттен.