TikTok-та құмар ойындарды ұйымдастырған алматылықтар ұсталды

Ulysmedia

Алматы тұрғындары TikTok әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

“Агенттіктің Алматы қалалық департаменті әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты.Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді”, – делінген хабарламада.

Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда.